Президент Берік Уәлиге "Хабар" телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

576

Қазақстан Президенті "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Берік Уәлиге "Хабар" телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Хабар" Агенттігі" АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, "Хабар" телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу