Президент Білім және ғылым министрін ауыстырды

1294

Ал басқа жарлықпен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова қызметінен босатты.  

Президент Білім және ғылым министрін ауыстырды

Мемлекет басшысы А.Қ. Аймағамбетовті  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", – делінген жарлықта.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды "Болашақ" актуалды білім беру институтының заң факультетін, "саяси ғылымдар" бағыты бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары "Медиа СП" ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы.

2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу