Президент Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды

592

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Президент Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды

"Оның бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатын болады. Жалпы мен атап көрсеткен шешімдер қазақстандық ғылымды кешенді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогресіндегі үлесіне бағытталған", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мүмкіндіктеріне де тоқталды.

"Бұған қоса ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай деңгейде көтеруге мүмкіндік беретін Ұлттық дәйексөз алу жүйесін құруымыз қажет деп есептеймін. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін нығайтуды талап етеді", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу