Президент бір жылда 150 халықаралық шараға қатысқан

736

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы жұмысына қысқаша шолу ұсынады.  

Президент бір жылда 150 халықаралық шараға қатысқан

Биыл Мемлекет басшысының қатысуымен 500 хаттамалық, 150 халықаралық форматтағы іс шаралар өткен. Сондай-ақ Президент 10 рет шетелдік сапарға шығып, онлайн және оффлайн форматтағы 17 мемлекетаралық, 3 халықаралық форумға қатысқан.

Бұған дейін жазғанымыздай, Мемлекет басшысы 2021 жылдың 19 күнін шетелде, 12 күнін өңірлерде өткізген.

Президент биылғы сапарларының көбі Орталық Азиядағы бауырлас елдерге бағытталғанын айту керек. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбектсан, Түркіменстан, Түркия елдеріне барған сапарлары соған дәлел.

17 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасындағы мемлекеттік сапары басталды.

Қыркүйек айында Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысып, Пәкістан, Иран Ислам Республикаларының басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Ал қараша айының аяғында Президент Еуропаның бірнеше еліне ресми сапармен барып, Бельгия корольдігі мен Швейцария конфедерациясының лауазымды тұлғаларымен кездескен болатын.

Сондай-ақ ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты.

Ал 28 желтоқсанда ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына барды.


 


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу