Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Дабидің орнықты даму аптасы" саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.


БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу