Президент бірқатар Елшіні тағайындады

103

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент бірқатар Елшіні тағайындады Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу