Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады

946

Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Елбасы жарлығымен бірқатар тағайындау болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ол мемлекет басшысының өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дулат Хангерейұлы Бақышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу