Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
"Парасат" орденімен Ұлттық қой өсірушілер одағы кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков;
"Құрмет" орденімен еңбек ардагері Виктор Иванович Волокитин;
"Ерлігі үшін" медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан;
"Ерлігі үшін" медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Жақсылықұлы Нүсіпов;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Оңтүстік агропаркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Қали Жетібайұлы Қаңтарбаев;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Кәлпеқызы Нысанбаева;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен Жамбыл аудандық "Атамекен" газетінің аға тілшісі Рәпбек Сәдуақасұлы Терлікбаев наградталды.