Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатуды тапсырды

1214

Мемлекет басшысы Қордай оқиғасынан соң бірқатар жауапты тұлғаны жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі А. Мырзахметов пен ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа бірқатар жауапты тұлғаны қызметінен босатуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды",– делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу