Президент бірқатар заңға қол қойды

1411

Президент бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы экономикалық сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Казақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мемелекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар беру тетігін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды

Елбасы "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Орта білім беруді жаңгырту жобасы) ратификациялау туралы" заңға, "2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу