Президент бірқатар заңға қол қойды

550

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Президент бірқатар заңға қол қойды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Сондай-ақ, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу