Президент вице-премьер Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады

818

Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев ескерту алды. 

Президент вице-премьер Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік парақшасына жазды. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады", – деді Берік Уәли.

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев ескерту алған. 

"Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты", – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу