Президент бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

691

Мораторий 2019 жылдың желтоқсанында енгізілген. Енді ол 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.  

Президент бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды Фото: inform.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу