Президент Бұқтырма су қоймасына назар аударды

1709

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының халқы 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр.

Президент Бұқтырма су қоймасына назар аударды

Мемлекет басшысы Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

"Egemen Qazaqstan" газеті ШҚО Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені көтерді. Халық 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. Үкіметке ШҚО әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, "Egemen Qazaqstan" газеті Өскемен мен өңірдің бүкіл қала-аудандарын жалғайтын, стратегиялық маңызы зор Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін "Қызыл ту" өткелі жұртты әбден әуре-сарсаңға салғанын жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу