Президент: Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды

833

Мемлекет басшысы коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды.

Президент: Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Бұл туралы Президент твиттердегі парақшасында хабарлады.

"Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады. Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру. Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат http://coronavirus2020.kz сайтында",– деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл індетке бей-жай қарамау керектгімізді ескерте кетті.

"Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс",– деп жазылған Президенттің твиттердегі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу