Президент цифрландыруға қатысты жаңа Жарлыққа қол қойды

420

Бұл туралы Ақорданы баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент цифрландыруға қатысты жаңа Жарлыққа қол қойды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech "электрондық үкіметі" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.

Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу