Президент цифрлық технологияны тиімді әрі жылдам пайдалану керегін айтты

274

Үкімет 87 мемлекеттік мәліметтер базасынан құралатын дерекқор  қалыптастырды. 

Президент цифрлық технологияны тиімді әрі жылдам пайдалану керегін айтты Фото: akorda.kz

Елімізді әлемдегі "цифрлық көшпенділердің ордасына" айналдыруымыз қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Жасанды интеллектінің негізгі арқауы – мәліметтер, деректер. Алайда, бұл жерде мәселенің  екі жағы бар екенін  ескеру қажет, бір жағынан, мәліметтер  көпке қолжетімді болуы керек, екінші жағынан, қауіпсіздік, жеке мәліметтерге қол сұқпау, мәліметтердің сапалы болуын қамтамасыз ету мәселесі бар", - деді Президент.

Үкімет 87 мемлекеттік мәліметтер базасынан құралатын дерекқор  қалыптастырды.

"Алайда жасанды интеллектінің озық үлгілерін жасау үшін мұның өзі аздық етеді. Сондықтан мемлекеттік және коммерциялық сектордағы иесі нақтыланбаған деректерді жинақтай берген жөн.

Сондай-ақ деректерді басқару жүйесінің бірыңғай архитектурасын енгізген дұрыс. Біз қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірістік. Ол ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар  біздің нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға да қолжетімді болады. Бұл қадам "ауқымды деректерді" кеңінен қолдануға тың серпін беретініне сенімдімін", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізді әлемдегі "цифрлық көшпенділердің ордасына" айналдыру керегін айтты.

"Соңғы жылдары  ғылым саласына  бөлінетін қаржы  айтарлықтай көбейді. Соның арқасында  министрліктер зерттеу институттарымен бірлесе отырып, жасанды интеллектіні өз саласында қолдануға мүмкіндік беретін жобаларды ұсына алады. Әрине, ең алдымен, білікті кадрлар қажет. Үкімет  осы сала бойынша  озық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тиіс.

Бұдан бөлек, шетелдің белгілі мамандарын тарту үшін  Digital Nomad Residency арнайы бағдарламасын іске қосу керек. Яғни, елімізді әлемдегі "цифрлық көшпенділердің ордасына" айналдыруымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, заманның ағымынан қалмау керек. Цифрлық технологияны неғұрлым Цифрлық технологиянысақ, даму қарқынымыз да соғұрлым табысты болмақ", деді Президент.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу