Бүгін Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар мерекесіне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, 1-дәрежелі "Даңқ" орденімен ҚР Қарулы күштерінің бас штабы бастығының орынбасары Әділбек Алдабергенов, ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев, ҚР Қарулы күштері Құрлықтағы әскер бас қолбасшысының орынбасары Василий Рысбаевтар; 2-дережелі "Даңқ" орденімен ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің бастығы Сәбит Құрманәлиев және Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов марапатталады.
Ал 2-дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік күзет қызметі Президент күзеті қызметінің бас инспекторы Виктор Балясниковқа, Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасовқа, ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары Ринат Көкімбаевқа, 48386 әскери бөлімінің командирі Талғат Құсайыновқа, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбековке, 28738 әскери бөлімінің командирі Жанат Расқұловқа, Атырау қалалық полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы Рүстембек Сүндетовке, ҚР Қарулыкүштері әуе қорғаныс күштері әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары Нұрболат Топаев, 03858 әскери бөлімінің командирі Мейрам Хамзинге табыс етілді.
Мұнан бөлек, 3-дәрежелі "Айбын" ордені Мемлекеттік күзет қызметі Нысандарды қорғау қызметі "Айбын" президенттік полкының аға маманы Амангелді Хусайыновқа, "Құрмет" ордені ҚР бас прокуратурасы үкімдердің заңдылығын қадағалау қызметі басшысының орынбасары Радимхан Дубаеваға берілді.