Президент дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын бекітті

1561

Президент дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін.Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген Қаулыда.

Бұл істің орындалуын бақылау ҚР президент әкімшілігіне жүктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу