Президент Досхан Жолжақсыновты 75 жас мерейтойымен құттықтады

237

Мемлекет басшысы құттықтауында өнер иесінің көп жылғы еңбегі мен ұлттық өнердің дамуына қосқан зор үлесіне тоқталған.

Президент Досхан Жолжақсыновты 75 жас мерейтойымен құттықтады Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстанның халық артисі, театр және кино актері, режиссер Досхан Жолжақсыновты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сіз салиқалы ғұмырыңызды ұлт руханиятын ұлықтауға арнап, үздіксіз шығармашылық ізденістеріңіз арқылы зор жетістікке қол жеткіздіңіз. Дәстүр сабақтастығын сақтап, ізбасар шәкірттеріңізді тәрбиелеп келесіз", – делінген Президент құттықтауында.

Досхан Жолжақсынов шығармашылық жолында ондаған жарқын образ сомдап, көрермен ықыласына бөленді. Ал режиссер ретінде түсірген туындылары отандық кинематографияның дамуына қомақты үлес қосты.

Дархан Сатыбалды мерейтой иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу