Президент дүйсенбіде COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өткізеді

793

Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. 

Президент дүйсенбіде COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өткізеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі, 19 шілдеде елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша жұмыс кеңесін өткізеді, деп мәлімдеді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ", – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желіде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу