Президент Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

868

Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз", – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу