Президент E-Learning жүйесін сынға алды

912

Қасым-Жомарт Тоқаев "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын қайта қарауды тапсырды.

Президент E-Learning жүйесін сынға алды Фото: akorda.kz

Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев E-Learning жүйесін сынға алды. 

"Карантин режиміндегі қашықтықтан оқыту кезінде мектептер мен университеттердің интернет-жүйесі сынақты, былайша айтқанда стресс-тестті көтере алмады. Жүйелік олқылықтар анықталды. Білім министрлігі телеарна арқылы сабақ беруге мәжбүр. Көп жарнамаланған E-Learning жүйесі, әзілкештер айтатындай "сынып" қалды. E-gov жұмысында да кідірістер байқалады. Поствирустық кезеңде осы жағдайлардан сабақ алып, асыра сілтеушілік пен есептеу сараптамасын дайындау керек", – деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ, ол нағыз цифрлық мемлекет болу үшін IT саланы жаңа сапалық деңгейге көтеру жоспарын дайындауды тапсырды. 

"Келесі жыл біздің мемлекеттің цифрлық тиімділігі аясында өту керек. Қазіргі тәжірибеге сүйене отырып, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қосымша қаржы шығандарынсыз қайта қарау керек", – деді Президент. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу