Президент ЕАЭО техникалық регламенттеріне қатысты хаттаманы ратификациялады

104

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент ЕАЭО техникалық регламенттеріне қатысты хаттаманы ратификациялады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы саладағы заңнамаларын үйлестіруге және техникалық регламенттер талаптарының орындалуын бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Аталған заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу