Президент Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1 100 жыл толуымен құттықтады

562

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында Қазақстан Президенті Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен және Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллинмен кездесу өткізді.

Президент Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1 100 жыл толуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Съездің биік мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін оларға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ақпан айында өзінің Татарстанға сапарын еске алды және оларды Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1 100 жыл толуымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл тарихи оқиғаның Татарстан мұсылмандары жамағаты мен Ресейдің барша көпконфессиялы халқы үшін маңызы зор.

Президент VII съездің күрделі кезеңде өтіп жатқанын атап өтіп, халықаралық қоғамдастықты біріктіру үшін конфессияаралық диалогты нығайту маңызды екенін айтты.

Равиль Гайнутдинов пен Камиль Самигуллин кездесу өткізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, VII съездің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу