Президент экологиялық акцияны қолдауға шақырды

1286

 #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы 20 шілде күні бастау алды.

Президент экологиялық акцияны қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық челленджді қолдайтынын айтты.

"Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар!", - деп жазды Президент Тwitter-дегі парақшасында.

Еске салар болсақ, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы 20 шілде күні бастау алды. Сол кезде Қазақстан Республикасы премьер-министрі Асқар Мамин, вице-премьер Жеңіс Қасымбек, экология, геология және табиғат ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев, әділет министрі Марат Бекетаев, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлов, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, еліміздің қоғамдық ұйымдары мен экологиялық қауымдастықтары өкілдері, еріктілер мен қорғашан ортаға немқұрайлы қарамайтын жастар Нұр-Сұлтан қаласындағы Қоянды су қоймасының аумағын тазалауға шыққан болатын. Акцияға бас-аяғы 2000 адам қатысып, олар 26 шаршы шақырым болатын жерді тазалап, 10 тоннадан астам қоқыс жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу