Президент ел дамуына үлес қосқан бірқатар алматылықты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Олардың қатарында дәрігер, өрт сөндіруші, құрылысшы бар.  

Президент ел дамуына үлес қосқан бірқатар алматылықты мемлекеттік наградалармен марапаттады Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесті. Жиын соңында еліміздің дамуына ерен еңбегімен үлес қосып жүрген бірқатар алматылық азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Атап айтқанда, "Қазақстанның қала құрылысшылары одағы" ҚБ президенті Любовь Нысанбаева "Парасат" орденімен, "Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК дәрігері Роза Дүйсенбаева "Құрмет" орденімен наградталды. "Ерлігі үшін" медалі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Нұржаубаевқа, "Ерен еңбегі үшін" медалі "Hyundai  Trans Auto" ЖШС өндіріс басшысы Садыкжан Мусаровқа, "Шапағат" медалі "Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ магистранты Әділхан Төлепбергенге табысталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу