Президент Елбасын Қазақстан халқы Ассамблеясын, Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарудан айыратын түзетулерге қол қойды

1957

Заңға сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президенті Үкімет отырысына қатыса алады, әрі Конституциялық кеңестің құрамына кіреді.

Президент Елбасын Қазақстан халқы Ассамблеясын, Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарудан айыратын түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған заң мемлекеттік бастамаларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келісуге қатысты.

Осыған дейін сенат "Тұңғыш Президент туралы" заңнан ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары бойынша әзірленіп жатқан бастамалар Елбасымен келісілетіні туралы норманы алып тастау керек деп құжатты Мәжіліске қайтарған. Сонымен қатар заң "Тұңғыш Президент туралы" заңның мәртебесі мен өкілеттіктеріне қатысты бабына өзгерістер енгізуді көздейді. Осы өзгерістерге сәйкес Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы мен елдің Қауіпсіздік кеңесін басқармайды.

Сондай-ақ осы баптың 2-тармағында Нұрсұлтан Назарбаев республика Парламенті мен оның Палаталарының алдында сөз сөйлей алатыны, ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде Үкімет отырыстарына қатыса алатыны, Қазақстан Конституциялық кеңесінің құрамына кіретіні туралы норма сақталған.

Бұрын аталған баптың 2-тармағы Елбасыға Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін.

2019 жылғы наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы қызметінен кететіні туралы мәлімдеген еді. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және бірқатар басқа да қызметтерді сақтап қалған.

2021 жылғы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасының өкілеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. Ал биыл қаңтар оқиғасының тұсынан Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы қызметін атқаратын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу