Президент елдің Қарулы күштерінде ауыс-түйістер жасады

160

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент елдің Қарулы күштерінде ауыс-түйістер жасады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірқатар лауазымнан босату мен тағайындау болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

– Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

– Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімдерімен:

– Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;

– Ержан Уақасұлы Ыбыраев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу