Президент елімізде тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті

827

Елімізде 70 елшілік және 30 халықаралық ұйым өкілдігі жұмыс істейді.

Президент елімізде тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы болған маңызды шараларға тоқталды. 

"Өткен президент сайлауы саяси жүйеміздің тұрақтылығын және демократиялық даму жолымыздың мызғымастығын бүкіл әлемге танытты. Менің атыма құттықтау жолдаған мемлекет басшыларына және халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне ризашылығымды білдіремін",– деді кездесуде.

Сондай-ақ, Президент биыл өткен халықаралық деңгейдегі кездесулерді де атап өтті.

"Мен сындарлы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға ресми сапармен бардым. Келіссөздер өте нәтижелі өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиттеріне қатыстым. Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысып, сөз сөйлеп, соның аясында бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер жүргіздім. Биыл Қазақстанға ресми сапармен Корея Республикасы, Грузия, Армения, Моңғолия, Беларусь және Швейцарияның мемлекет және үкімет басшылары келді",– деп еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапарлар мен кездесулердің өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік тудырғанын жеткізді.

Айта кетсек, қазіргі таңда елімізде 70 елшілік және 30 халықаралық ұйым өкілдігі жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу