Президент еліміздегі қор нарығын белсенді дамыту керектігіне тоқталды

919

"Астана" халықаралық қаржы орталығы экономиканы қаржыландырудың маңызды көзіне айналуы тиіс.

Президент еліміздегі қор нарығын белсенді дамыту керектігіне тоқталды

Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде бейнеүндеу жолдаған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қор нарығын белсендірек дамыту керектігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

"Жаһандық тәуекелдер мен тенденцияларды ескере отырып, қаржы саласын одан әрі үдемелі дамыту мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады, ал негізгі міндет ел экономикасының өсуін қолдау болып қала береді", – деді Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде жолдаған бейнеүндеуінде.

Сондай-ақ Президент мемлекет ең қиын кезеңдерде отандық қаржы секторын үнемі қолдап келгенін, бүгінде банктер айтарлықтай тұрақты және экономиканы несиелендіруде зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

"Олар экономиканы серпінді қалпына келтірудің және оны одан әрі әртараптандырудың негізгі қозғалтқыштарының бірі рөлін алуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, отандық қор нарығын, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту қажет, ол экономиканы қаржыландырудың маңызды көзіне айналуы тиіс.

"Қазіргі кезеңде жаһандық қаржы институттарының қаржылық қызметтерді терең цифрландырумен байланысты "жасыл" міндеттерді де ескеру қажет. Бұл мәселелер байыпты талқылауды және теңгерімді шешімдерді іздеуді талап етеді. Бұл бағыттарды дәйекті дамыту еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша мүмкіндіктер ашады. Мемлекеттік органдардың, реттеуші органдардың және қаржы институттарының алдындағы бір ортақ міндет – халқымыздың әл-ауқатын арттыру", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу