Президент еліміздің журналистика және телевизия саласы мамандарын марапаттады

193

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент еліміздің журналистика және телевизия саласы мамандарын марапаттады Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. "Казахстанская правда" республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
2. "Turkistan" халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
3. "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі" ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
4. "Astana aqshamy" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
2. "Хабар" агенттігі" АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
3. "Jibek joly" телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
4. "Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. "24KZ" телеарнасының шығармашылық ұжымына;
2. "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;
3. "Baqkz" ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
4. "Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу