Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды,

710

Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. 

Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды,

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.  

Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу