Президент елордадағы қоғамдық кеңістіктердің сақталуына бақылау жүргізуді тапсырды

98

Соңғы екі жылда Астанада көптеген қоғамдық кеңістік пайда болды.  

Президент елордадағы қоғамдық кеңістіктердің сақталуына бақылау жүргізуді тапсырды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы абаттандыру ісіндегі оң өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа келбет" бағдарламасы аясында бес жыл ішінде шаһардың тарихи бөлігіндегі 150 ғимараттың қасбетін жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар көшелер абаттандырылады.  Жалпы, соңғы екі жылда Астанада көптеген қоғамдық кеңістік пайда болды. Жасыл желек мол егіліп, демалыс аймақтары көбейді. Бұл өте жақсы. Мұны елорда тұрғындары оң бағалап отыр", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, енді осы аумақтарды тиісті деңгейде сақтауға тиіспіз.

"Бұл әуелгі кезекте елордада тұратын және шаһарға қонаққа келетін Қазақстан азаматтарына тікелей байланысты. Осы істі Ішкі істер министрлігі, полиция департаменті жіті бақылағаны жөн", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу