Президент Эмомали Рахмонға да көңіл айтты

492

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Эмомали Рахмонға да көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға және тәжік халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан тәжік-қырғыз шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.  

– Біз бауырлас және достас мемлекеттердегі бұл қайғылы оқиға бізді қатты алаңдатады. Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта.  

Қазақстан Президенті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу