Президент: "Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты"

103

Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. 

Президент: "Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты" Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна. Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу