Президент энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кеткенін айтты

657

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Болат Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Президент энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кеткенін айтты

Мемлекет басшысына еліміздің отын-энергетика кешенін дамытудың негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумында (КҚК) қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шаралар жөнінде есеп берілді.

Энергетика министрі Президентке газ саласын дамытудың кешенді жоспарының пысықталу барысы туралы баяндады. Аталған жоспар халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, сұйытылған газға баға белгілеу ісін жетілдіруді, ресурстар базасын ұлғайтуды, өңірлерді одан әрі газбен қамтамасыз етуді, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуды және кеңейтуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министріне еліміздегі жылу энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кетуіне, атап айтқанда, Петропавлдағы екінші ЖЭО-дағы жағдайға қатысты мәселемен айналысуды тапсырды.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу