Түркия президенті Ердоған зардап шеккендермен кездесті

695

Түркия мен Сирияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 15 мыңнан асты. Апат аймақтарында құтқарушылар құрбандардың денелерін шығаруды жалғастыруда. 

Түркия президенті Ердоған зардап шеккендермен кездесті Фото: static.euronews.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Хатай провинциясына барып, тұрғындардың шағымы - апатқа шұғыл қызметтердің реакциясы тым баяу болғанын мойындады, деп жазады inbusiness.kz.

Ердоған биліктің кейбір қиындықтарға тап болғанын мойындап, бірақ жағдай қазір бақылауда екенін айтты.

"Әрине, мұндай жағдайда біраз қателіктер жіберілді. Мұндай табиғи апатқа дайын болу мүмкін емес", - деді Режеп Тайып Ердоған.

Билік апат құрбандарының саны артуы мүмкін деп қорқады. Құтқару жұмыстарын аязды ауа-райы мен тоқтаусыз жер асты дүмпулері қиындатады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу