Мемлекет басшысы АҚШ-пен келіссөздер бойынша өзінің өкілін тағайындады

226

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы АҚШ-пен келіссөздер бойынша өзінің өкілін тағайындады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Қазыханға жаңа қызметтік міндет жүктелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, ол Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілі ретінде жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу