Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігі жайындағы талдау нәтижелерімен танысты. Н.Годунова бірқатар өңірдегі, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласына, сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік органдарға жүргізілген аудит барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу