"Еуропалық Қайта құру және даму банкінің бағалауынша, 2030 жылға қарай Транскаспий бағыты жыл сайынғы өткізу қабілетін 250-300 мың контейнерге дейін арттырып, әлеуетін кеңейте түседі. Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін цифрлық шешімдер енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия аумақтары бойынша "осал жерлерді" синхронды жою және Транскаспий бағытын дамыту жөніндегі жол картасына қол қойылды", - деді Президент.
Мемлекет басшысы еуропалық серіктестерді Каспий теңізі порттарын дамытуға, олардың қызметін цифрландыруға, транспорттық кемелерді бірге өндіруге және логистикалық қоймалар құруға белсенді қатысуға шақырды.