Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төрағасын қабылдады

1435

Тараптар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ықпалдастығының перспективаларына тоқталды.

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төрағасын қабылдады

ҚР Президенті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатының бейбітшілдік сипатын атап өтіп, еліміздің халықаралық ұйымдармен арадағы сындарлы ынтымақтастыққа адал екенін айтты.

"Сіздің Словакияның Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласына келгеніңізге қуаныштымын", – деді Мемлекет басшысы.

Халықаралық ұйым жетекшісі ЕҚЫҰ-ның мақсаты қақтығыстардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жан-жақты тиімді ынтымақтастық орнату екенін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дағдарыстарды реттеудегі стратегиялық рөліне ерекше тоқталды.

"Мені және делегациямызды қабылдауға уақыт тапқаныңыз үшін сізге алғыс айтамын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент лауазымына кірісуіңізбен құттықтаймын, сондай-ақ сізге және еліңізге зор табыс тілеймін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Қазақстанға келгеніме қуаныштымын", –  деді Мирослав Лайчак.

Кездесу аясында тараптар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ықпалдастығының перспективаларына тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу