Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барды.
Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы:
– шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40%-дан астамы ЕО-ға тиесілі;
– 2024 жылы Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 млрд долларға жуықтады (ЕО мен ОА арасындағы сауда көлемінің 80%-ы).
Президенттер экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды.
Өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атады.