Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенді Еуропалық комиссияның төрағасы болып сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында Еуропалық одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен ішкі және сыртқы саясатта жаңа жетістіктерге жететініне сенім білдірді.
"Келешегі бар әртүрлі салаларда Сізбен бірлесіп жұмыс істейтінімізге үміттенемін және алдағы жылдардағы маңызды бастамаларымызды жүзеге асыруда Сіздің тарапыңыздан қолдау болады деп санаймын", – деп жазды Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссия төрағасына амандық, жауапты қызметіне мол табыс тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу