banner

Президент: Гена кәсіпқой бокстың хас шебері екенін тағы да дәлелдеді

1077

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады.

 Президент: Гена кәсіпқой бокстың хас шебері екенін тағы да дәлелдеді Фото: olympic.kz

"Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена!", – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, өзінің кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу