Президент Германия сапарында 2 млрд доллардың келісіміне қол қояды

834

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға барды.  

Президент Германия сапарында 2 млрд доллардың келісіміне қол қояды

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға барды. Қазақстан Президентін канцлер Ангела Меркель әлемдегі ең көрікті әрі ірі үкімет штабтарының бірі Федералдық канцлер ведомствосында қарсы алды, деп хабарлайды Atameken Business.

Салтанатты рәсімнен кейін, мемлекет басшылары келіссөздер өткізу үшін ғимаратқа бет алды. Кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқыланады.

Сондай-ақ Қазақстан Германиямен құны 2 млрд доллар болатын келісімге қол қояды. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев неміс телеарнасына берген сұхбатында айтқан еді. Президенттің сөзінше, машина жасау және ресурстарды өңдеу жағынан көшбасшы саналатын неміс инвесторларын елге тарту көзделген. Оларға экономикалық аймақ ұсынып, барлық жағдай қарастырылады деді. Ертең Президент Германиядағы белгілі саясаткерлер және қоғам қайраткерлерімен кездеседі.

Сондай-ақ, Берлин Еуразиялық клубының 28-ші отырысына қатысады. Айта кетейік, Мемлекет басшысының лауазымына кіріскелі шет елге жасаған бұл бесінші сапары болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу