Президент Германиялық серіктестерді бірлескен кеме өндірісін қолға алуға шақырды

457

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларының Германия Канцлері Олаф Шольцпен кездесуінде көлік-транзит саласында тиімді ықпалдастық орнату қажет екеніне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Германиялық серіктестерді бірлескен кеме өндірісін қолға алуға шақырды Фото: aqorda.kz

"Бүгінде Орталық Азия аймағы жаһандық тасымалдың негізгі бөлігіне айналып келеді. Осы ретте өңір "Солтүстік – Оңтүстік", "Шығыс – Батыс" бағыттары бойынша құрлық көпірі ретінде маңызды рөл атқарады. Әсіресе, Транскаспий бағдарын дамытудың және оны Global Gateway стратегиясымен ұштастырудың маңызы арта түсті. Ортамерзімді перспективада аталған дәліз арқылы жүк тасымалдау ағынының көлемі бес есе артар еді. Осы бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Германиялық серіктестерді Транскаспий бағдары мен Каспий теңізі порттарын дамытуға, сондай-ақ бірлескен кеме өндірісін қолға алуға және логистикалық орталықтар ашу ісіне белсенді атсалысуға шақырамыз", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу