Президент Халық әртісі Майра Ілиясованы құттықтады

334

Мемлекет басшысының құттықтау хатын мәдениет және ақпарат министрі арнайы табыстады.  

Президент Халық әртісі Майра Ілиясованы құттықтады Фото: instagram/aida_balayeva

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Майра Ілиясованы құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының құттықтау хатын мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы табыстады.

"Бүгін халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясоваға мемлекет басшысының құттықтауын табыстадым. Қасым-Жомарт Кемелұлы әншінің ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ыстық ықыласын, ілтипатын білдірді.

Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға. Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды.

Ұлт өнерінің шынайы жанашыры – Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!" - дейді мәдениет және ақпарат министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу