Президент халықты Амал мерекесімен құттықтады

1138

Бүгін елімізде халық қыстан аман-есен шығып, көктемге аяқ басқанына қуанып, көршілерімен, туыс-туғандарымен қол алысып, төс қағысатын, араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейтін – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Мемлекет басшысы барша халықты осы айтулы күнмен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент халықты Амал мерекесімен құттықтады Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді "Амал келді, жыл келді" деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу