Президент ІІМ кеңейтілген алқа отырысына қатысты

707

Мемлекет басшысы өз өміріне қауіп төнсе де, өзге адамдарға көмек қолын созатын қатардағы полицейлерге ризашылығын білдірді.

Президент ІІМ кеңейтілген алқа отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы ішкі істер министрлігінің алдына құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру туралы міндет қойғанын айтты, деп хабарлайды Аорданың баспасөз қызметі.  

"Полицияның жұмысы қоғамның жіті назарында. Сіздердің қызметтеріңіз ел азаматтарының мүдделерімен және қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Сондықтан, ішкі істер министрлігінің жұмысы айқын әрі жүйелі болуы керек. Полиция ашық болуға тиіс. Бұл үшін халықпен тығыз байланыс қажет. Осы мақсатта біз Елбасы бастаған құқық қорғау жүйесіндегі реформаны жалғастырамыз. Реформаның негізгі міндеті – қазақстандықтардың құқықтарын қорғау ісін мүлтіксіз қамтамасыз ету", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Қазақстан Президенті еліміз бойынша қылмыстық ахуал тұрақты екенін атап өтіп, ішкі істер органдарының жұмысындағы күшейтуді талап ететін бағыттарды көрсетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өз өміріне қауіп төнсе де, өзге адамдарға көмек қолын созатын қатардағы полицейлерге ризашылығын білдіріп, мемлекет тарапынан ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне және олардың отбасына лайықты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі ЕрланТұрғымбаевтың есебін тыңдаған соң жүктелген міндеттерді орындау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалана отырып, жүйелі жұмысты жолға қоюды, ал Үкіметке министрліктің жұмысын қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді тапсырды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу